Қарағандылық браконьер 4 елікті атып алған

18 Қаңтар 2021, 15:08
2644
Бөлісу:
Қарағандылық браконьер 4 елікті атып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында полицейлер төрт елікті атып алған браконьерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

16 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жазық далада кетіп бара жатқан қарда жүретін көлікке назар аударған. Тәртіп сақшыларын байқаған көлік жүргізушісі қашып кетуге тырысқанымен, ол көп ұзамай ұсталды. Көлік тізгінінде Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғыны болған. 

Қарда жүретін көлікті қарау кезінде полицейлер төрт еліктің өлі денесін, үш теріні, он екі тұяқ, аңшы мылтығы мен карабинді тапты. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы