Қарағандыда сегіз вагон рельстен шығып кетті

2 Қараша 2020, 15:26
1478
Бөлісу:
Қарағандыда сегіз вагон рельстен шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қарағандыда сегіз вагон рельстен шығып кетті
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий разрезі» ЖШС жүргізіп жатыр.

Бұған дейін де Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылған болатын.
Өзгелердің жаңалығы