Қарағандыда жасанды көгалы бар жабық спорт манежі ашылды

24 Желтоқсан 2020, 07:58
1720
Бөлісу:
Қарағандыда жасанды көгалы бар жабық спорт манежі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа манеж Қарағанды облысындағы ең ірі қысқы футбол алаңына айналды. Спорт ғимаратының ашылуына Қарағанды футболының ардагерлері қатысты, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Манеж Қарағандының қақ ортасында, цирк жанында орналасқан. Мұндай сыйлықты қалаға жергілікті кәсіпкер Александр Нефедов ұсынған. 

Спорттық ангар 450-ге жуық спортшыны сыйдыра алады. Жаттығуларды 23 жоғары білікті жаттықтырушы өткізеді. Көрермендерге арналған мінбелер 500 орынға есептелген. «Шахтер» ФО басшысы Сергей Поленовтың айтуынша, ангар әсіресе қысқы уақытта пайдалы болады. Бұрын спортшылар шағын футбол залдарында жаттығуға мәжбүр болған.

Бұл біз үшін қысқы дайындық кезеңіндегі ең жақсы нәрсе. Жасанды көгалдар, стандартты қақпалар. Мұндай манеждегі сабақтар жас футболшылардың да, аға буынның да шеберлігін одан әрі арттыру үшін өте маңызды, - деп бөлісті Сергей Поленов.

Петр Асылбаев жаңа манеждің орнында кәдімгі хоккей корты болған кезді еске алды.

Ол 70-жылдары болған. Мұнда балуандар, боксшылар жаттыққан. Қыста хоккейшілер ойнады. Ал футболшылар жай жүгіруге келетін. Уақыт өте келе ангар пайда болды. Биылғы жылы манеждің пайда болуы қандай керемет! - деп санайды Петр Асылбаев.
Спорт ғимараты 2003-2013 жылдары туған балаларға арналған. Олардың барлығы «Шахтер» футбол командасын дайындау мектебінде жаттығады
Өзгелердің жаңалығы