Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды қаласында&nbsp;заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үш орынның қызметін тоқтатты.<br> </p>

 6 Маусым 2021 2021, 21:25
6 Маусым 2021 2021, 21:25
3148

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үш орынның қызметін тоқтатты.

Заңсыз айналымнан 6 ойын терминалы тәркіленді. Ұйымдастырушылар оларды Ұлттық лотерея операторының терминалдары түрінде тыйым салынған ақылы құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қолданған. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде - делінген департамент ақпаратында.

Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие екендігін еске саламыз. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.

Наверх