Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ қызметіне шек қойылды.&nbsp;</h4>

 26 Қазан 2020 2020, 10:22
26 Қазан 2020 2020, 10:22
2103

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ қызметіне шек қойылды. 

2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамыры аралығында құрамында 5 адам болған ҰҚТ Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Сондай-ақ олар 16 млн теңгеден астам сомада табыс тапқан. 

Жедел шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан «Лотоматик» түріндегі 200-ге жуық ойын жабдықтары тәркіленіп алынды. Бүгінгі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.


Наверх