Қарағандыда «Атадан қалған адал ас» жобасы жүзеге асырылуда

23 Наурыз 2021, 11:27
2443
Бөлісу:
Қарағандыда «Атадан қалған адал ас» жобасы жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртып жатыр. Осы мақсаттта өңірдің тарихи-өлкетану музейінің өкілдері «Атадан қалған адал ас» жобасын жүргізіп келеді, деп жазды Хабар24.

Музей қызметкерлері тың деректерден ұмытыла бастаған 200-ге жуық тағам бар екенін анықтаған.  

Бүгінгі тағам «жаужүрек» деп аталады. Ол үшін бізге сүт қойдың бауыры мен іш майы керек. Қазір қой сойса ет асып болмаса қуырдақ қуыру тренд. Ал ата-бабаларымыз жаңа бауыздалған қой еті жылы кезінде одан кемі 15-20 түрлі тағам жасаған екен, - дейді музей қызметкері Арайлым Сәду.

Бір қызығы олардың басым көбінің денсаулыққа тигізер орасан зор пайдасы мен қатар таным-түсінігі бар. 

Негізі қарасаңыздар бауыр мен іш май майлы болып көрінуі мүмкін, бірақ қуырылғанда олай болмайды. Көптеген дәрумен. Бұл тағамды аналар ұлдарына алыс сапарға шыққанда дайындаған. Ерте заманда аналар ұлдарына жиі жегізген. Себебі бұл ұлдарға батылдық, батырлық, ержүректік береді деп сенген, - дейді музей қызметкері Арайлым Сәду.

Өлкетанушылар қазірдің өзінде ұмытыла бастаған 200-ге жуық тағам барын айтады. Бұның өзі қазақ асханасының қаншалықты бай болғанын көрсетеді. Әсіресе көшпенді халық болғандықтан әр жердің асының дәмі де әртүрлі болған. 

Біз ұмыт болған тағамдардың рецепттерін авторы белгілі этнограф Әйкерім Мұсағожинованың «Қазақы ас: Дәстүр мен дәм» кітабынан алып отырмыз. Ол кісі арнайы әр өңірге экспедиция жіберіп, халық аузынан жазып, ұмыт болған тағамдарын ұсынған, - дейді музей қызметкері Нарша Ерсінқызы.

Жоба жақында ғана бастау алған. Ұйымдастырушылдар алдымен «әсіп» деген тағамды жасады. Жаужүрек екінші тағам. Жоба әлі бір жыл бойына жалғасады. Осы уақытта ұмыт бола бастаған 50-ге жуық тағамды қайта жасап, бейнетаспаға жазып, келушілер назарына ұсыну жоспары бар.


Өзгелердің жаңалығы