Қарағанды жастары қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

20 Қараша 2020, 14:41
1803
Бөлісу:
Қарағанды жастары қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Приозерск жастар ресурстық орталығы «Тегін нан» және «Ардағым-Ардагерім» қайырымдылық акцияларын өткізді. Жастар нан таратып, қарт адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Игі істерден бас тартпау керек. Қайырымдылықпен айналысу үшін бай болу қажет емес. Жүрегі мейірімді болса жеткілікті, Қайырымдылық іс-шаралар жастарға және жалпы қоғамға оң әсерін тигізеді, - деп санайды Приозерск қаласының ЖҚБ басшысы Ұлан Алмас. 

Жастар ресурстық орталығында атап өткендей, мұндай акциялар болашақта да өткізілетін болады. Егер демеушілер болса, онда жалғыз басты қариялар мен аз қамтылған отбасылар ғана емес, сонымен қатар көп балалы отбасылар да қажетті азық-түлік алады.

Айта кету керек, Приозерск жастары қайырымдылық шаралары кезінде ғана емес, жалғыз басты зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға үнемі көмектесуге тырысады. Сондай-ақ, жастар ардагерлер үйінде тұратын қарттарға көп көңіл бөледі. Оларға жиі қонаққа барып, сыйлықтар тарту етеді.


Өзгелердің жаңалығы