Алматы, BAQ.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қарағанды облысының құс фабрикаларына қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.
Аталған агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті аймақтағы тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығындағы талдау қорытындысы бойынша «Ushtobe Qus» ЖШС, «Агрофирма Курма» ЖШС, «Қарағанды құс» ЖШС іс-әрекетінде тауық жұмыртқаларының бағасын бір мезгілде көтеру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтаған.
«Қарағанды құс» ЖШС-не қатысты анықталған фактілер негізінде жұмыртқаға негізделген бағаны төмендету, сондай-ақ алдағы уақытта бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға жол бермеу туралы хабарлама енгізілді.
«Құрма агрофирмасы» ЖШС және «Ushtobe Qus» ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталды, себебі аталған кәсіпорындар бір күнтізбелік жыл ішінде осындай бұзушылықтарды қайталап жасаған,-делінген хабарламада.