Қарағанды облысының Абай ауданында астық қоймасы ашылды

9 Желтоқсан 2021, 14:06
1896
Бөлісу:
Қарағанды облысының Абай ауданында астық қоймасы ашылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көксу ауылында заманауи астық қоймасы, Дубовка ауылында – ветеринарлық пункт іске қосылды. Абай ауданында бұл нысандардың іске қосылуы оннан астам адамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етті, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Астық тазалау кешені неміс технологиясы бойынша жұмыс істейді. 

Кешен астықты ұқыпты көп сатылы тазалауға, кептіруге және сақтауға арналған. Жүйе толығымен автоматтандырылған, ал оның қуаттылығы сағатына 5 мың тоннаны құрайды, – деді шаруа қожалығының басшысы Игорь Жабяк. 

Неміс технологиясы астықты тазалап қана қоймай, салмағы бойынша сұрыптауға мүмкіндік береді. Әрбір дән өну энергиясын сақтайды және мол өнім береді.

Сондай-ақ, Дубовка ауылында аудандағы алғашқы ветеринарлық пункт пайда болды. Ол республикалық бюджет есебінен салынған.

Ветеринарлық пункт дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтармен және қоймалармен жабдықталған. Сонымен қатар, жануарларды емдеуге және алдын-алу шараларын жүргізуге арналған арнайы алаң құрылды.

Пункт аудандағы жануарлардың ветеринарлық-санитариялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру үшін іске қосылды, олардың жұқпалы және жұқпалы емес, соның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алуға және жоюға бағытталған, – деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасы. 







 

Өзгелердің жаңалығы