Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін дәрігерлер үшін семинар өтуде, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мамандары келді.Жақын арада біздің облыстың медициналық ұйымдары пилот шеңберінде МӘМС пакетінен көмектің кейбір түрлерін көрсете бастайды және алғашқы медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың статусын сәйкестендіру бойынша ақпараттық базаны сынақтан өткізеді.
Семинарда мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелердің қызметкерлері білім алуда. Оларға медициналық қызметтердің екі пакеті, медициналық көмекке ақы төлеу тетігі және медициналық ІТ-жүйелердің жұмысы бойынша қаржыны бөлек есепке алуды жүргізу туралы баяндайды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сынақтан өтеді. Бұл барлық мүмкін болатын проблемалық аспектілерді анықтауға және оларды 2020 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанға дейін түзетуге мүмкіндік береді.
"Мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер көлемі аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл жағдайларда көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулардың 25 тобы кезінде емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін болып қала береді. Сақтандырылған азаматтар үшін қосымша консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтердің, жоспарлы стационарлық көмектің, оның ішінде қымбат зертханалық және диагностиканың кеңейтілген тізімі қолжетімді болады", - деп түсіндірді «МӘСҚ» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.