Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтті. Сессия шешімімен бұған дейін де бірнеше рет көтерілген Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесіне нүкте қойылды.
Бұл туралы «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Қамбар Ахметов мәлімдеді.
Сессияда Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауын өзгертіп, ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ауданы деп атау жөніндегі Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫСЫ және Қарағанды облыстық мәслихатының ШЕШІМІН әріптестерім-облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.