Қарағанды облысында жыл соңына дейін 700 мың адамға екпе жасау жоспарлануда

10 Ақпан 2021, 01:25
1269
Бөлісу:
Қарағанды облысында жыл соңына дейін 700 мың адамға екпе жасау жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы 700-ге жуық адам екпе алды. Бұл – медицина қызметкерлері. Жыл соңына дейін 700 мыңға жуық тұрғынды вакцинациялау жоспарлануда.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай және вакцинация науқаны туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте айтты.

Қарағанды облысы «жасыл аймаққа» оралды. Эпиджағдай тұрақты деп бағаланады. Өткен аптада 418 науқас анықталды, оларда ауру зертханалық диагностикалық әдіспен расталды. 21 мың адам тестілеуден өтті, – деді спикер.

COVID-19 вакцинациясы үшін облыс бойынша 115 егу кабинеті ашылды. Вакцинаны тасымалдау және сақтау қауіпсіздігі үшін қажетті жабдықтар сатып алынды.

Әрбір егу кабинетінде бейнекамералар орнатылған. Олар онлайн режимінде болып жатқанның бәрін таратады.

Басқарма басшысының айтуынша, вакцинация көлемі ай сайын артатын болады.

Бір жыл ішінде облысымыздың 700 мыңнан кем емес тұрғынын вакцинациялау жоспарлануда. Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін барлығы 6 млн адамға екпе егу көзделіп отыр, – деді Ержан Нұрлыбаев. – Коронавирустық инфекция вакцинамен тежелетін инфекцияларға жатады. Вакцинация – бұл барлық шектеулерді алып тастауға және дәстүрлі өмір салтына оралуға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс.

Ол вакцина туралы жалған хабарламалар мен күмәнді хабарламаларға бой алдырмауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.



Өзгелердің жаңалығы