Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 12%-ға артты

11 Мамыр 2021, 13:53
1959
Бөлісу:
Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 12%-ға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Алдын ала қорытынды бойынша, төрт айда 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беру күтілуде, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,7%-ға өседі.

Тұрғын үй құрылысында біз өзімізге жоғары мақсат қойдық. Шамамен 700 мың шаршы метр, өткен жылдың деңгейіне қарағанда 1/4 есе өсумен. Ал алдағы үш жылда жылына миллион шаршы метрге шығуды жоспарлап отырмыз. Оң динамиканы сақтау қажет. Бюджет есебінен барлық көлемнің 15%-ы салынуда. Бұл әлеуметтік тұрғын үй. Қалғаны - коммерциялық тұрғын үй. Сұраныс бар, ал әкімдіктер тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері мен инфрақұрылымды қамтамасыз етеді, - деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте.

Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, облыста қаңтар-сәуір айларында 1 трлн 319,5 млрд теңге көлемінде өнеркәсіптік өнім өндіру күтілуде. Болжам бойынша, өңдеу өнеркәсібінде өсім 2%-ды құрайды.

Облыс әкімі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларын орындау бойынша тапсырма берді. Өңірдегі экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс орындарын құру тәуелді салалар ерекше бақылауда қалып отыр, - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 2021 жылға экономика өсімі 3,4% жоспарланған.








Өзгелердің жаңалығы