Қарағанды облысында Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды

28 Мамыр 2021, 07:50
8881
Бөлісу:
Қарағанды облысында Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Т. Күзембаев атындағы шахтасында жаңа лава іске қосылады. Нысанды мемлекеттік комиссия қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

44К12-1В лавасы жұмысқа дайын. «Глиник-22/45» механикаландырылған кешенінің 160 секциялы жабдығын, SL300 тазалау комбайнын, «Анжер-34» кенжар конвейерін және ПСФ-34 қырғыш қайта тиегішін монтаждау жүргізілді. Біз жаңа лавада көмір өндіруді бастаймыз, – деп хабарлады кәсіпорында.

Лаваның ұзындығы – 240 метр. Оның жобалық қуаттылығы – 790 мың тонна көмірді құрайды. Кеншілер тәулігіне 4 мың тоннаға дейін көмір өндіреді деп жоспарлануда.



Өзгелердің жаңалығы