Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңірдегі карантин туралы қаулығы өзгерістер енгізді.
Толықтырулар Ashyq қосымшасы арқылы қызмет көрсететін нысандардың жұмысы мен мектептегі білім беру режиміне қатысты.
Өңірде жалпы оқушы саны 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптағы бала санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілген.
Ал сабақ уақытынан тыс жүргізілетін жеке оқытулар кезінде топтағы бала саны 10-нан, сондай-ақ облыс аудандарында 5-тен аспауы керек және әлеуметтік қашықтық сақталуы тиісті.
Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск, Балқаш, Приозерск, Жезқазған қаласы мен Сәтпаев, Абай, Нұра, Осакаров аудандарының жалпы білім беру мекемелеріндегі 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар аралас форматта оқуға рұқсат берілді.