Қарағанды облысында егін жинау науқаны 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда

17 Қыркүйек 2021, 03:29
1682
Бөлісу:
Қарағанды облысында егін жинау науқаны 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының шаруалары егін жинауды 10 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні дәнді дақылдардың 90%-ы жиналды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл Қарағанды облысында ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқабы 40 мың гектарға ұлғайтылды. Аймақ аграршылары жақсы егін жинайтындарын атап өтті.

Ауа райы қолайлы болған жағдайда астық жинауды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда 157 мың тоннадан астам картоп пен 19 мың тонна көкөніс жиналды. Картопты жинауды 1 қазанға дейін, көкөністерді – 10 қазанға дейін аяқтаймыз, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ облыста 2 мың тоннадан астам шөп, 24 мың тонна пішендеме, 17 мың тонна сүрлем және 120 мың тонна сабан дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы