Полиция аттракционындағы әйелдің өліміне қатысты тергеуді бастады

11 Қазан 2021, 11:05
4132
Бөлісу:
Полиция аттракционындағы әйелдің өліміне қатысты тергеуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қазанда Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне  аттракционда арқанмен секірген кезде жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіру кезінде 32 жастағы әйел жарақат алғанын анықтаған. Әйелді ауруханаға жеткізген. Аталған факті бойынша полиция ҚК 306-бабының 1-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады, - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәрігерлер жәбірленушінің өмірін сақтап қалу үшін барын салған, бірақ оны құтқарып қала алмаған.

Оқиғаға қатысты ҚК 306-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс енді ҚК 306-бабының 3-бөлігі бойынша қайта қаралатын болды.

Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің ақпараты бойынша, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалған. 


Өзгелердің жаңалығы