Қар құрсауынан бір жасар баласы бар ана құтқарылды

4 Қараша 2021, 16:46
968
Бөлісу:
Қар құрсауынан бір жасар баласы бар ана құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан бір жасар бала мен оның анасын эвакуациялады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 4 қараша күні, түнгі сағат 03:30-да Алматы облысы ТЖД пультіне Кеген ауданының Түйік ауылында жедел медициналық жәрдем автокөлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына дереу Кеген ауылынан Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді,-делінген хабарламада.

Шақыру орнына келген бойда, бір жасар баласы бар ана отырған жедел медициналық жәрдем автокөлігі ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында қалып қойған.

ТЖД қызметкерлері «Ангина» жұқпалы ауруы бар баланы және оның анасын Кеген ауданының аудандық ауруханасына эвакуациялады. Баланың жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылды,-делінген хабаралмада.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК-ның 2021 жылғы 2 қарашадағы ауа райы болжамы негізінде Алматы облысында 3-4 қараша күні ауа райының нашарлауы және қар түрінде жауатын жауын-шашын туралы ескерту жарияланды.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Darmеn» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.



Өзгелердің жаңалығы