Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың алғашқы күндерінде Шығыс Қазақстанда тұрақсыз ауа райы мен қардың көп түсуі өңірде көшкін қаупіне алып келді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері бір апта бойы профилактикалық түсулер жүргізді.
Тек 1 наурыздан бастап 34 көшкін қаупі бар учаскелерде 514 800 текше метр қар түсірілді. Қысқы кезеңде барлығы 74 профилактикалық түсіру жүргізілді, нәтижесінде 541980 текше метр қар түсті.
ШҚО ТЖД құтқарушыларының айтуынша, Наурыз - ең қар көшкіні қауіпті ай. Құбылмалы ауа-райы мен жел - көшкіннің өздігінен түсу мүмкіндігіне әсер ететін факторлар.
Естеріңізге сала кетейік, облыста автожолдар мен елді мекендерге қауіп төндіретін 336 көшкін қаупі бар учаске бар.
Осы күндері көшкін жинаушы алабында қар көп жиналды. Біз қауіп-қатерді жою үшін жедел әрекет етеміз және көшкінді түсіреміз. Әзірге облыста көшкін қаупі сақталуда. Жақын күндері қауіпті беткейлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырамыз. Тұрғындарға құтқарушылардың ескертулеріне қауіп төндірмеуге және назардан тыс қалмауға кеңес береміз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.