Қапшағайдағы көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамы қарсаңында Қапшағай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен&nbsp;көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жазылды.</h4>

 22 Наурыз 2021 2021, 13:47
22 Наурыз 2021 2021, 13:47
2441

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамы қарсаңында Қапшағай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жазылды.

Аймақтағы 100 отбасыға азық - түлік, тұрмысқа қажетті заттар жеткізіліп, қайырымдылық шарасы жасалды.

Жалпы, жақсылық жасау – азаматтарға көрсетілген ізгіліктің ізеттің көрінісі, адамның асыл қасиеті. Мейірімділік – жүректен дейді. Кез келген жанға демеушілік танытып, оның қуанышты жүзін көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтіні рас, - делінген жазбада.  

Наверх