Қапшағайда адам ұшыратын дауыл тұрды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Желі&nbsp;пайдаланушылары оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп алған екен.</h4>

 11 Шілде 2021 2021, 11:10
11 Шілде 2021 2021, 11:10
3122

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желі пайдаланушылары оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп алған екен.

Кадрларға қарағанда, дүлей дауыл тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауған. Демалушылар болса желмен бірге ұшып кетпес үшін, қоршаулардан қарманып ұстанып қалған. Жел шатырларды жұлып әкетіп, демалушылардың заттарын көтеріп әкеткен. 

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы облысының тұрғындарына ауа райы қолайсыз болатынан ескерткен. Өңірде нөсер болып, желдің екпіні 25 м/с жеті, найзағай ойнап, бұршақ жауатынын болжаған.


Наверх