Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасында "Азаматтардың судағы қауіпсіздігі" атты кең ауқымды акциясын өткізді.
"Акция барысында қалалық жағажайдың жағасында және шомылуға арналмаған жерлерде тұрғындармен профилактикалық әңгіме өткізіліп, жадынамалар таратылды. Адамдар көп жиналатын жерлерде құтқару және суға батушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері көрсетілді. Бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Акцияның мақсаты - адамдардың суда қаза болуы мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару және су айдындарында қайғылы оқиғалардың санын азайту", - делінген таратылған ақпаратта.Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға ТЖД аппаратының қызметкерлері, Қапшағай өңірінің құтқарушылары, Қапшағай қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары, қалалық жағажайдың полицейлері мен қоғамдық құтқарушылары қатысты.