Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД құтқарушылары қараңғыда бағдарынан айырылған балықшыны құтқарды.
2021 жылғы 22 ақпанда сағат 22:15-те Алматы облысы ТЖД пультіне Қапшағай су қоймасының «Голубой залив» учаскесінде балықшы адасып, жағалауға өздігінен жете алмай тұрғаны туралы хабарлама жіберген.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Қапшағай өңірінің Жедел - құтқару жасағының 3 құтқарушысы «Славир 9У» әуе кемесінде жіберілді. ТЖД құтқарушыларының жедел қабылдаған шаралары барысында 1951 жылы туған Алматы тұрғыны Қапшағай қаласынан 20 шақырым жерден табылған. Балық аулауды ұнататын азаматтың айтуынша, күннің қараңғы уақытының басталуына байланысты ол бағдарын жоғалтып, жанып жатқан шамдарға қарай бет алған, жол бойында ол суға түсіп кетіп, абырой болғанда өздігінен шыққан.
Қаңтар айында мен Қапшағай қаласына балық аулауға келген кезде маған берген жадынаманың мазмұны есіме түсті, онда сіз мұз астына түсіп кетсеңіз, өзін қалай ұстау керектігі туралы ережелер жазылды. Мен оны қаңтарда балық аулаған кезде толығымен оқыдым, ол менің өмірімді сақтап қалды, - дейді құтқарылған азамат.
Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен жеткізген және ол медициналық көмекке мұқтаж болмапты.