Канвон-2024: Қазақстандық керлинг шеберлері Германияға жол берді

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін қазақстандық керлинг шеберлері екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 Қаңтар 2024 2024, 20:19
АВТОР
 gov.kz 28 Қаңтар 2024 2024, 20:19
28 Қаңтар 2024 2024, 20:19
908
Фото: gov.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін қазақстандық керлинг шеберлері екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Керлингтен аралас жұптық бәсекеде алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан жерлестеріміз Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы топтық кезеңдегі екінші ойындарын германиялық құрдастарына қарсы шеберлік байқасты.

Өкінішке қарай, отандастарымыз қарсыластарына 4:8 есебімен жол берді.

Енді ертең Астана уақыты бойынша таңғы 7:00-де құрамамыз көшбасшылардың бірі — Швейцариямен кездеседі.

Наверх