Канвон-2024: 30 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады?

30 Қаңтар 2024, 02:20
518
Бөлісу:
Канвон-2024: 30 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының аяқталуына тура 3 күн қалды. Аталған додада қазақстандық спортшылар әлі де сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 қаңтар күні қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен жарысқа шығады.

Атап айтсақ, шаңғы жарысының классикалық түрінен 7,5 шақырымдық бәсекесінде, сондай-ақ керлингтен аралас жұптық сайыста ел құрамасы Италияға қарсы ел намысын қорғайды.

Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Шаңғы жарыстары

Классика. 7,5 шақырым.

8:00. Қыздар

10:30. Ұлдар

Берік Боранбаев

Әубәкір Тотанов

Милана Мамедова

Виолетта Митропольская

Керлинг

15:00. Аралас жұптық бәсеке.

Қазақстан – Италия

Мерей Тастемір

Ибрагим Тастемір.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтарда тұтанған. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы