Қанша педагогқа екпе салынды?

3 Наурыз 2021, 18:34
1273
Бөлісу:
Қанша педагогқа екпе салынды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Республика бойынша педагогтарды вакцинациялау 1 наурыздан басталған болатын.

Қазір аймақтарға вакцинаның екінші партиясы жөнелтіліп жатыр. Барлық өңір қамтылып болып қалды, енді батыс аймақтар кезекте тұр. Жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау әлі де жалғасуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда КВИ-ге қарсы 458 педагогқа екпе салынды, - деді Айжан Есмағамбетова.
Қанша педагогқа екпе салынды?

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов 2021 жылы 6 млн-нан астам адамды егу жоспарланғанын хабарлаған болатын. 

Қанша педагогқа екпе салынды?

Оның айтуынша, халыққа иммундық алдын алу үшін eGov mobile «Вакцинация» сервисін, SMS-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисіне вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану жоспарланып отыр.

Марат Шоранов сонымен қатар 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы медицина саласы қызметкері болып саналмайтын азаматтардың да жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы