Қанша ерікті қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды?

27 Қаңтар 2021, 18:31
1425
Бөлісу:
Қанша ерікті қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 19 желтоқсанында QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеулердің  ІІІ кезеңін өткізуге рұқсат берген болатын. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қанша ерікті қазақстандық QazCovid-іn вакцинасын салдырғанын айтты.

Клиникалық базалар №142 бұйрықпен көзделген барлық талапқа сәйкес келеді, GCP стандарты бойынша тиісті сертификатталған мамандармен жасақталған. Волонтерлер контингенті бекітілген зерттеу хаттамасына сәйкес халық арасынан іріктелді. Клиникалық базаларда қажет болған жағдайда шұғыл көмек көрсету, кейіннен стационарға ауысу мүмкіндігі бар. Бұл ретте шұғыл көмек көрсету және ауыстыру бойынша клиникамен келісімшарт жасалады, - деді ол. 

Ведомствоның мәліметінше, QazCovid-in вакцинасының COVID-19-ға қарсы белсенділігін клиникалық зерттеудің III кезеңі 180 күн өткізіледі. 11 қаңтар күні еріктілерді қабылдау аяқталып, 3000 адам вакцинацияланды. Қазіргі уақытта зерттеуге қатысушыларға тұрақты бақылау жүргізілуде.

 

Аяқталмаған зерттеулер мен ақпараттың құпиялылығына байланысты зерттеу нәтижелері зерттеудің соңғы күндері белгілі болмақ. Вакцинадан қорғаныс әсері бірінші ерітінді мөлшерін енгізгеннен кейін 12 күнде біліне бастайды, бірақ толық қорғанысты қамтамасыз ету үшін ерітіндінің екі мөлшері керек. Оларды 19-дан 23 күнге дейінгі аралықпен енгізу ұсынылады. Вакцина 40-тан 50 күнге дейінгі зерттеулерге сәйкес ағзаның иммундық реакциясын тудырады. Иммундық жүйе вирусты «танып», аурумен күресу үшін антиденелер-ақуыздарды бөле бастайды. Олар вирусты «есте сақтап» қалады да, егер вирус денеге қайта енсе, онда иммундық жүйе вирусты дереу жояды. Оның көбеюіне жол бермейді, - деді Шоранов. 


 

Өзгелердің жаңалығы