Бұл туралы орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Головкин мен Альварестің жекпе-жегін тамашалап отырып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
WBO орта салмақтағы әлем чемпионы, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегін көрген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық боксшымен жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.
Жәнібек Әлімханұлыдан жекпе-жек туралы пікірі мен оны ұтуға бола ма деген сауалға да жауап берді.
Жақсы жекпе-жек болып жатыр. Канело бабында екен. Оңай ұтамыз ба деген сұраққа Жеңіл болады. Өте жеңіл болады. Бір раунда 3 рет құлатуға болады, - деп жауап берді Әлімханұлы.
Нью-Йоркте (АҚШ) полицей болып жұмыс істейтін Қазақстанның тумасы және кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов (14-1-3, 6 KO) Жәнібек Әлімханұлының сөзіне үн қосты.
Жәнібек, сазайынын бер, ‒ деп қолдау білдірді Димаш Ниязов Әлімханұлының жүктеген видеосының астына.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсеткен болатын.
Еске сала кетсек, мексикалық Сауль "Канело" Альварес төрешілер шешімімен Генадий Головкинді жеңді. Осылайша «Канело» екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін, абсолют чемпион атағын қорғап қалды. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.