"Канело" қыркүйекте не себепті рингке шықпауы мүмкін?

3 Шілде 2019, 10:10
1527
Бөлісу:
"Канело" қыркүйекте не себепті рингке шықпауы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ескі жарақатының салдарынан қыркүйекте рингке оралмауы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz. 

Бұл туралы промоутер Боб Арумға сілтеме жасаған америкалық инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді.

"Канело" өзінің келесі жекпе-жегін 14 қыркүйекте өткізеді деп жоспарланған. Боксшы қыркүйекте басты қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші рет кездесуден бас тартып, жартылай ауыр салмақта ресейлік Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасуды жөн көрген.

Алайда, Альварестің бұл жоспарларына жарақаты кедергі келтіруі мүмкін. Арумның сөзінше, мексикалық боксшының тізесі жарақаттанған. Ол бұл жарақатымен бірнеше жыл бұрын да күрескен еді.

Осыған байланысты "Канело" рингке қыркүйекте емес, жылдың соңында оралуы ықтимал.

"Канело" тізесіне 2018 жылы сәуірде ота жасатқан болатын. Сол уақытта ол допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен соң, бокстан уақытша шеттетілген еді.

Айта кетейік, Альварес пен Головкин бұған дейін екі рет кездескен: 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста боксшылар тең түссе, тура бір жылдан соң сол қалада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.

Өзгелердің жаңалығы