Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы DAZN жүргізушісі Крис Манникспен сұхбат кезінде Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді.
Vesti.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы өтеді.
"Головкин келесі жылғы қарсыластардың бірі болады. Басқаша болмайды! Әлбетте, адамдар бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Бүкіл әлем тамашалағысы келеді. Головкин бұған лайықты", - дейді промоутер.
Трилогия биыл күзде өтуі мүмкін еді, алайда, Альварес одан бас тартып, осыдан кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.