Төрт салмақ дәрежесін бағындырған, супер орта салмақтағы сөзсіз чемпион Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі қарсаңында бокс тарихына ең мықты боксшының бірі ретінде өз есімін қалдыруға тырысатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Канело» 17 қыркүйекте Головкинге қарсы жекпе-жекке екінші орта салмақтағы барлық белдіктерін сарапқа салады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
Менің арманым – ең мықты боксшылардың бірі болып тарихта қалу. Ақша – ол бонус, олар спортпен бірге жүреді, бірақ мен ең мықтылардың бірі болуды қалаймын және бұл ерен еңбекпен келеді, – деді боксшы мексикалық БАҚ-қа берген сұхбатында.