Астана, BAQ.KZ. Орта салмақ чемпиондары 4 мамырда белбеулерін біріктіреді. Германо-эквадорлық Джек Кулькай (25-3, 13 КО) және украиналық Сергей Деревянченко 12-1, 10 КО) орта салмақта IBF чемпионына міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жектерінің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Rbb24.de басылмына берген сұхбатында Кулькай жекпе-жектің 13 сәуір АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтетінін айтты. Бұл бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта бұрынғы әлем чемпиондары америкалық Питер Куиллин (34-1-1, 23 КО) мен Калеб Труа (30-4-2, 19 КО) арасындағы 10 раундты жекпе-жек болмақ.
Кулькай-Деревянченко кездесуінің жеңімпазы IBF чемпионына міндетті қарсылас атанады. Қазір бұл белбеу америкалық Дэниэл Джейкобсте (35-2, 29 КО). Джейкобс 4 мамырда WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) белбеулер біріктірілетін жекпе-жек өткізеді.
Осылайша, Джейкобс-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Кулькай-Деревянченко кездесуінде жеңген боксшымен жұдырықтасуға міндеттеледі.