Қандай өнімдер қатерлі ісік ауруын тудырады

7 Сәуір 2021, 22:15
1830
Бөлісу:
Қандай өнімдер қатерлі ісік ауруын тудырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары көптеген адам қант, кондитерлік өнімдер мен ақ нанды күнделікті қолданудан шектеу керек деген шешімге келіп отыр. Қазіргі жастар қантсыз сусындарды, глютенсіз нан мен ақ күріштің орнына қоңыр күрішті көбірек таңдайды. Мұның бірнеше себебі бар. 

Барлық сұрақтарына жауапты интернеттен іздеп, табуға дағдыланған ұрпақ озық ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қол жеткізе бастады. Тазартылған және өңделген өнімдердің көпшілігі көптеген ауыр аурудың қоздырғышы, себебі болып отыр. 

Тазартылған (рафинированный) тағамдарды үнемі тұтыну қант диабеті, семіздік, онкология және жүрек-тамыр ауруларына шалдықтыруы мүмкін екендігін айтады американдық диетологтар қауымдастығының мүшесі Кэтрин Зератски. 

РИА Новости-дің мәліметінше, сіздің алдыңызда тазартылған өнім бе жоқ па екенін оның түсіне қарап білуге болады. Тазартылған өнімдердің түсі ақ болып келеді. Аппақ қант, ұн, күріш. Бұл тазартылған майларға да қатысты. 

Нан В дәрумендеріне бай, ал одан бас тартқандар оның жетіспеушілігін сезінеді деген қалыптасқан пікір бар. Осы топтағы дәрумендердің жеткіліксіздігі шынымен ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, бірақ құрамында дәрумені бар ақ нан бұл жағдайдан құтқара алмайды десе де болады. 

Нан мен кондитерлік өнімдер пісірілетін ақ бидай ұны тазарту процесі кезінде барлық дәрумендер мен минералдардан айырылады. Ал аппақ ұн алу үшін бидай дәнінің қабығында болатын В1, В2, В3 дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, мырыш және Е дәрумені алынып тасталады. 

Тазарту процедурасынан өтпеген, ұннан піскен өнім тығыз және сұр түсті болады. Мұндай өнім аппақ үлпілдеп тұрған тәтті тоқаштың жанында тартымсыз көрінеді. Бірақ мұндай өнімнің құрамында барлық дәрумендері сақталады. 

Бұл мәселе барлығы сүйіп жейтін итальяндық паста мен аппақ күрішке де қатысты. Қоңыр немесе тазартылмаған күріш мырышқа бай. Сондықтан, егер сіз барлық қажетті дәрумендер мен микроэлементтерді тағамдық қоспалардан емес, тамақтан алғыңыз келсе, қоңыр немесе жабайы күрішті, сондай-ақ аппақ ұннан жасалған нанды емес, бірінші сұрыптан жасалған күлшені сатып алғаныңыз жөн.

Тазартылған тағамдардың қажетті дәрумендердің жетіспеушілігінен басқа тағы бір жағымсыз жағы бар. Тек дәннің өзегін қалдырып, өнеркәсіптік өндіріс күрделі көмірсуларды қарапайымға айналдырады. Қарапайым көмірсулар, өздеріңіз білетіндей, асқазан мен бүйірлерде майлы қатпар болып жиналады, сонымен қатар инсулин деңгейін күрт көтереді. Нәтижесі семіздікке, қант диабетінің дамуына, қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы