Қанат Ислам – Джейсон Менди жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең таңда Майамиде қазақстандық Қанат Ислам рингке оралады.</h4>

 21 Ақпан 2021 2021, 01:15
21 Ақпан 2021 2021, 01:15
1580

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең таңда Майамиде қазақстандық Қанат Ислам рингке оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол колумбиядық Джейсон Мендимен жұдырықтасады. Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. 

Қанат пен Джейсон жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-де басталады. Кездесу он раундқа жоспарланған. Жекпе-жектің тікелей трансляциясын КОTV қосымшасы арқылы көруге болады.

Сондай-ақ, бокс кешінің андеркардында Қазақстан тумасы Димаш Ниязов рингке шығады. Ол аргентиналық Джонатан Годоимен кездеседі.

Наверх