Канадада алапат орман өртіне байланысты Джаспер қаласынан 5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін ел билігі Альберта провинциясының өзге аудандарынан 7,5 мың адам эвакуацияланғанын хабарлаған еді. Қазір Канаданың Альберта және Британ Колумбиясы провинцияларында 170-тен аса өрт ошағы тіркелген.
Олардың көбі әлі сөндірілмеген. Мамандар қызыл жалынды ауыздықтауға екпінді жел мен құрғақ ауа райы кедергі келтіріп тұр дейді. Метеорологтардың айтуынша, бұл биылғы ең ірі табиғи апат.