Канада Украинаға ұшақ апатын тергеуге көмектесетінін айтты

10 Қаңтар 2020, 05:30
5234
Бөлісу:
Канада Украинаға ұшақ апатын тергеуге көмектесетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Ирактағы ұшақ апатын тергеуге қолдау білдірді. Бұл туралы Украин басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Зеленский Тегерандағы апат салдарынан Канада азаматтарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл өте ауыр қайғы және біздің ортақ қасіретіміз. Украина қайғылы оқиғаны ашық тергеуге және шындықты орнатуға мүдделі, - деді Владимир Зеленский.

Канада үкіметінің басшысы өз кезегінде Зеленскийге ұшақ апатында украиндықтардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты және Киев тергеу амалдарын жүргізуде Канаданың кез-келген көмегіне сүйене алатындығын айтты.

Еске салайық, 8 қаңтарда Украина ұшағы Тегераннан ұшып шыққаннан кейін үш минут өткенде құлады. Бортта 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі болған, олардың барлығы қайтыс болды. Ұшақ құрбандарының ішінде - 63 Канада азаматы болды.

Өзгелердің жаңалығы