Алматы, BAQ.KZ. Канада 14 желтоқсаннан бастап COVID-19-ға қарсы екпе салу компаниясын бастады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Канада билігі алдымен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындарына екпе салуды көздеп отыр. Ол үшін Pfizer-BioNTech екпесі қолданылуда.
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алғашқы болып Торонто қаласындағы қарттар үйінің қызметкері Анита Квиданген салдырған.
Соңғы мәлімет бойынша, Канадада вирус жұқтырғандар саны 468,9 мың адамды құраған, олардың 379,5 мыңы жазылып шықса, 13 553-і қауіпті індеттен көз жұмған.