Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

14 Маусым 2021, 15:38
3289
Бөлісу:
Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан доноры күні аталып өтіп жатыр. Қан тапсыру біреуге өмір сыйлауды білдіреді. Мұны әр адам білуге және түсінуге тиіс. Бүгін елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы атаулы күнге орай акция ұйымдастырды.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Жыл сайын Донор күні белгілі бір тақырыпта өтеді.

Биылғы жылғы Дүниежүзілік донор күнінің ұраны – «Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын!». Осы ұранда бүгін аталған орталықта салтанатты шара өтті.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Бұл ұран донорлардың жер бетіндегі адам өмірін құтқаруға және өмір сапасын арттыруға қосатын үлесін ерекше бейнелейді. Ол әлемдегі адамдардың елеулі бөлігі қанды тұрақты негізде тапсырып, денсаулықты жақсартуға үлес қосу керек деген жаһандық ойды білдіреді.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Іс-шара барысында сөз алған «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы, жоғары санатты дәрігер-трансфузиолог Сәния Әбдірахманова бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып, донорларға алғысын жаудырды.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Құрметті достар, қадірлі қонақтар! Сіздерді бүгінгі керемет мерекемен құттықтау мен үшін мәртебе. Донорлық – бүкіл әлемдегі күрделі мәселелердің бірі. Себебі күрделі оталарға донорлар қаны өте қажет. Сондықтан демалыс болмайды, жұмысымызды ары қарай да жалғастыра береміз. Мен үшін донорлар өте ерекше жандар. Олар уақыт, күш тауып, өздеріне мүлдем таныс емес адамдар үшін қан тапсырады, - деп атап өтті Әбдірахманова.

Орталық төрағасы қонақтардан осындай акция жайында балаларына, жақындарына айтуын сұрады. Ол донорлардың көп болуын, қан тапсырушы ерікті адамдарға мықты денсаулық тіледі.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Донор болып, қан тапсырып отыру адамның денсаулығына өте пайдалы. Қан тапсырған адамның қан айналым және иммундық жүйесі жақсарып, жүрек-қан тамырлары қатерлі ісігіне шалдығулары төмендейді және тұмаумен өте сирек ауырады. Донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

ДДСҰ мәліметтері бойынша биылғы науқан аясында қауіпсіз қан қорын қамтамасыз етудегі жастардың рөліне ерекше назар аударылады. Көптеген елдегі жастар ерікті қан донорлығы арқылы қауіпсіз қан қорын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар мен бастамаларға белсенді түрде қатысады.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Салтанатты шараға қатысушыларға Қазақстандағы ДДСҰ өкілі, дәрігер Омар Салех видеоқұттықтау жолдады.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі атынан қан тапсырушыларды шын жүректен құттықтап, алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Қан тапсыру жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Әсіресе бауыр жарақаты мен онкологиялық аурумен ауыратын науқастар үшін маңызды. Қанның жетіспеушілігі көптеген науқастың өмірін қысқартады. COVID-19 пандемиясы кезінде әлемде қан донорлығы азайды. КВИ-ге шалдыққан адамдар және олармен байланыста болғандар инфекция қаупін азайту үшін қан тапсырудан уақытша бас тартуы керек. Жастар қауіпсіз қанмен қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар мен бастамалардың алдыңғы қатарларында тұрды. Біз олардың риясыз көңілдеріне алғыс айтамыз, - деді ол өз құттықтауында.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Қазақстанда 200 мыңнан астам адам қан тапсырады, оның ішінде 18 мыңға жуық донор үш және одан да көп рет қан тапсырады. Өтеусіз донорлар, еріктілер, елордалық ұйымдар мен кәсіпорындарының ұжымдары өтеусіз донорлықтың дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Акция барысында Еуразия медицина ассоциациясының жетекшісі Надежда Петухова орталыққа көлік сыйлады.

Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде Донорлар күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн сіздерге, яғни өзге адамның өмірін құтқарушы адамдарға арналған. Расымен сіздер өз қандарыңызды кімге беріп жатқандарыңызды білмейсіздер. Бірақ сіздер өте маңызды миссияны орындап келесіздер, - дейді дәрігер.

Аталған акцияға елордадағы мәдени орталықтардың өкілдері де белсене қатысты. Олар қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, би мен ән тарту етті.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Қызыл Жарты Ай қоғамының негізгі бағыттарының бірі - қан донорлығын насихаттау. Біздің волонтерлер өздерінің барлық акциясында қан донорлығын тегін түрде тапсыруды насихаттайды. Бізде дайын нұсқаулық материалдар, браслеттер дайындаймыз. Мұның барлығы адамдарды қан тапсыруға қызығушылықтарын ояту үшін жасалады. Қызыл Жарты Ай төтенше жағдайға арналып құрылған. Сол себепті донорлықтың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарымен айналысамыз. Бүгінгі шара барысында біз құрметті донорларды құттықтағымыз келеді. Оларға фитнес-залдарға бір айлық абонемент сыйға тартамыз. Ондай 18 донор бар. Олардың донорлыққа қосқан үлестері орасан, - дейді Қызыл Жарты Ай қоғамының елордадағы филиалының директоры Назира Мадиева.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Іс-шара елордалық қан орталығының аумағында Денсаулық сақтау министрлігі, «EiraMed» ЖШС, Нұр-Отан партиясының «Бірлік» филиалы, Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен өтті. 

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Марапатқа лайық болған әрбір донорға естелік сыйлықтар берілді.

Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын! – Елордада акция өтті

Сонымен қатар кеше ТҒӨО Road brothers мотоклубымен бірге мотошеру ұйымдастырды. Мұндай мотошеру дәстүрге айналып келеді. Айтуларынша, елордалық байкерлер донорлықты насихаттау акциясына қуана қатысады.

Өзгелердің жаңалығы