Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен MTK Global бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) ресейлік Сервер Эмурлаевтан (23-1, 8КО) басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алғашқы раундтан қарсыласын соққының астына алған Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жекті толық бақылап отырды. Ол алтыншы раундта қарсыласына жойқын соққысын дарытып, сұлатып түсіруге аз қалған. Осыдан соң ресейлік боксшы жетінші раундқа шығудан бас тартты.
Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақтағы бос болған WBC Asia Pacific белбеуін иемденді.