«Қамқорлық» оңалту орталығы айдың соңында қолданысқа беріледі – Әбдіқалықова

20 Қараша 2021, 18:13
2691
Бөлісу:
«Қамқорлық» оңалту орталығы айдың соңында қолданысқа беріледі – Әбдіқалықова
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орталыққа барып, реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі күнге дейін облыста реабилитациялық көмек керек ететін мүгедек балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына баратыны белгілі.Осы ретте, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қамқорлық» корпоративті қорының қолдауымен өңіріміздегі көпбейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратының бір бөлігін Жұмыспен қамту жол картасы аясында 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 60 төсектік «Қамқорлық» оңалту орталығы ретінде қайта жаңғырту жұмыстары жүруде, - деді ол.

«Қамқорлық» оңалту орталығы айдың соңында қолданысқа беріледі – Әбдіқалықова

Қазіргі таңда орталыққа қажетті мамандар біліктілігін арттыруда.

«Қамқорлық» оңалту орталығы айдың соңында қолданысқа беріледі – Әбдіқалықова

Бүгін орталыққа барып, реконструкциялау жұмыстарының аяқталу барысын көрдім. Айдың соңына дейін толық бітіріп, қолданысқа беруді тапсырдым. Құрылыс кезінде 48 уақытша жұмыс орны құрылды. Орталық іске қосылған соң 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады, - деді әкім.

«Қамқорлық» оңалту орталығы айдың соңында қолданысқа беріледі – Әбдіқалықова


Өзгелердің жаңалығы