Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Камила Аймұқашева Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды

15 Қараша 2025, 23:09
321
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық таэквондошы Камила Аймұкашева Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы 57 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Финалда ол гамбиялық Мария Марчлинскимен кездесті. Матч 2:1 есебімен аяқталды.

VI Ислам ынтымақтастық ойындарының ашылу салтанаты 7 қарашада Эр-Риядта өтті. Қазақстан құрамасының намысын 100-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Сауд Арабиясы алтыншы Ислам ынтымақтастық ойындарын қабылдауда. Бұл ірі спорттық шара бұған дейін Меккеде (2005), Палембангта (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы