Кәмелетке толмаған қызға жасалған зорлық ісі: Анасы мен қызы мәлімдемесін өзгертті

Аталған қылмыстық іс бойынша арызданушы мен оның қызы оқиғаның зорлық сипатында болмағанын айтты.

 ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов Бүгiн 2026, 12:15
Бүгiн 2026, 12:15
343
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсайда 16 жастағы қызға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша арызданушы мен оның қызы оқиғаның зорлық сипатында болмағанын айтты. Соған қарамастан, тергеу тоқтатылған жоқ. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шыңғырлау ауданының Полиция департаментінің мәліметінше, 2 қаңтар күні Ақсай қаласының тұрғыны полицияға 16 жастағы қызына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны туралы арыз түсірген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында хат-хабар алмасу және істі жан-жақты, объективті қарауға мәні бар өзге де деректер анықталған. Қазіргі уақытта арызданушы мен оның қызы оқиғаның күш қолдану сипатында болмағанын айтып, қарым-қатынас өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеген, - деп хабарлады Шыңғырлау ауданының ПД баспасөз қызметі.

Соған қарамастан, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Шыңғырлау аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысындағы мәліметтер жария етілмейді.

Іс Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салсақ, әкесі шенеунікті кәмелетке толмаған қызын зорлады деп айыптады. Оның сөзінше, 57 жастағы күдікті барлығын мойындаған. 16 жастағы қыз оны таныған. Бірақ полиция күдікті ер адамнан жауап алып болған соң, оны үйіне қайтып жіберген. Ал қыздың әкесіне күдікті өзі телефон арқылы қоңырау шалып, қорқытқан көрінеді.

Наверх