Кәмелетке толмаған Қазақстан азаматы елге қайтарылды

15 Қазан 2022, 09:32
771
Бөлісу:
Кәмелетке толмаған Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматын Түркия Республикасынан елге қайтару бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 16 жастағы Қазақстан азаматы отанымызға жеткізілді, қазір қыз отбасымен Ақтөбе қаласында.

16 жастағы Қазақстан азаматы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан елге оралуына көмек сұрады. Өтініштен кәмелетке толмаған қызды анасы алаяқтық жолмен Түркияға алып кеткені және оның еркіне қарсы Ыстамбұлдағы қыздарға арналған медресеге бергені анықталды. Сонымен қатар бала туыстарымен байланыса алмай, Қазақстанда жүрген әкесі мен екі ағасын сағынғанын айтып шағымданған. Аружан Саинның өтініші негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі арқылы Ыстамбұлда баланы іздеу мәселесін шұғыл қолға алды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бала табылып, оның Қазақстанға оралуына қажетті көмек көрсетілді, – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының мүддесі үшін жұмысты одан әрі жалғастыра береді.

Өзгелердің жаңалығы