Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Камчаткада жер сілкінді

25 Қазан 2025, 16:43
496
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Камчаткада соңғы тәулікте магнитудасы 5,4-ке дейін жеткен 16 афтершок (қайталама жер сілкінісі) болған. Солардың бірі өңірдегі елді мекендерде сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей ТЖМ-нің Камчатка өлкесі бойынша бас басқармасының хабарлауынша, соңғы 24 сағат ішінде магнитудасы 3,1-ден 5,4-ке дейінгі жер сілкіністері тіркелген.

Елді мекендерде бір жер сілкінісі сезілді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, мамандар Крашенинников жанартауында екі рет күл атқылауын байқаған. ТЖМ дерегінше, елді мекендер маңында күл түсуі тіркелмеген, ал авиация үшін қауіп деңгейі көтерілмеген.

Сейсмологтар аймақтағы жағдайды бақылауды жалғастыруда. Камчатка Ресейдің ең сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы