Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Камчаткада магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды

5 Қазан 2025, 09:10
1885
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Камчаткада магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалының мәліметінше, зілзала Петропавл-Камчатский қаласынан 213 шақырым қашықтықта болған. Жер сілкінісінің ошағы 47,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ соңғы бір сағат ішінде өңірде тағы үш жер сілкінісі анықталған: магнитудасы 5,1, 4,0 және 4,3 балдық дүмпулер тиісінше Петропавл-Камчатскийден 485, 182 және 166 шақырым жерде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы