2024 жылғы 18 тамызда таңғы сағат 07:10-да Камчатка тұрғындары қатты жер сілкінісінен оянды. Ғалымдар түбектің шығыс жағалауында, Тынық мұхитында күшті жер асты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей Ғылым академиясының геофизикалық қызметінің бөлімшесі «Камчатка-информ» агенттігіне берген ақпаратына сәйкес, сейсмикалық оқиғаның ошағы түбектің шығыс жағалауында орналасқан.
Жер сілкінісі координаталары солтүстік ендік 52,6897, шығыс бойлық 160,1681 нүктеде, 6 км тереңдікте тіркелді.
Геофизикалық қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 7,0 баллды құраған. Жер сілкінісінің ошағы Петропавл-Камчатскийден 113 шақырым жерде болды.
Таңертеңгі дүмпу Камчатка тұрғындарын шошытты. Олардың үйлерінде жиһаздар құлап, люстралар тербеліп, гүл құмыралары құлап, ыдыстарға су шашыранды. Көбі үйлерінен көшеге жүгірді.
Геофизикалық қызметтің мәліметінше, күшті жер сілкінісі магнитудасы 5,0-ге дейін жететін бірнеше афтер дүмпулерге ұласты.
Соңғы мәліметтер бойынша, түбектің тұрғындары үшін цунами қаупі жоқ.
Демалыс күндері саяжайларына барған қала тұрғындары жер асты дүмпуін сол жерде де сезінгендерін айтады.