Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры наурыздың 29, 30, 31 күндері көрермендер үшін «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады.
Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін театр репертуарының қоржыны Құнанбай бейнесімен толығады.ҚР Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Туынды авторы – Таласбек Әсемқұлов.
Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов.
Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.
Спектакль премьерасына орай, 29 наурыз күні сағат 17.30-да бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына:
-театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев;
-театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай;
-режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов қатысады.
29 наурызда сағат 19.00-де театр сахнасында спектакль көрсетілімі басталады.