Калифорния штатындағы Мартинес қаласындағы мұнай өңдеу зауытындағы өрт салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ CBS телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, зауытта көмірсутегінің ағуынан жарылыс болған.
Денсаулық сақтау қызметтері ауаның ластануына байланысты қаланың кейбір бөліктерінде үшінші деңгейлі ескерту жариялады. Тұрғындарға ауаны кондиционерлеу жүйелерін өшіріп, барлық терезелерді, есіктерді және каминнің түтінінен қорғайтын құрылғыларды жабу ұсынылады.