Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Калифорниядағы сауда орталығында атыс болып, екі адам зардап шекті

29 Қараша 2025, 08:32
426
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Valley Fair Mall сауда орталығында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Бұл туралы NBC телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, жараланған екі адам ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары сауда орталығын толық эвакуациялап, ғимараттың қауіпсіздігін тексеруге кіріскен.

Полиция өкілдері қоғамдық қауіптің жоқ екенін, күдіктінің ұсталғанын және оның жалғыз әрекет еткенін атап өтті.

Оқиға АҚШ-та соңғы күндері тіркелген өзге де қарулы шабуылдардан кейін болды. 27 қарашада Вашингтондағы Адмирал Дэвид Фаррагут алаңының жанында Ұлттық гвардия қызметкерлеріне жасалған шабуылдан бірнеше адам жарақат алған еді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт президент Дональд Трампқа бұл оқиға туралы жедел хабарланғанын мәлімдеді.

АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнс шабуылдың себептері әзірге анықталмағанын айтса, Пентагон басшысы Пит Хегсет ел астанасына қосымша 500 Ұлттық гвардия қызметкері жіберілгенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы