Калифорнияда орман өртінен 48 шақырым жер күлге айналды

17 Маусым 2024, 11:30
233
Бөлісу:
Калифорнияда орман өртінен 48 шақырым жер күлге айналды

Калифорнияда орман алқабы өртке оранды, деп хабарлайды 24kz-ке сілтеме жасап. 

Қызыл жалын кесірінен бір түнде 48 шаршы шақырым жер күлге айналған. Құтқару бригадасы жақын маңдағы Лос-Анджелес округі тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Ыстық жел өрт сөндіруге кедергі болып тұр. 

Билік тұрғындарды ескертулерге құлақ асып, эвакуациялауға дайын болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы